Қапы шегу
Бұл бетте «Қапы шегу» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыз едің керім сен деген –
Тағдырың жалқы сый берген.
Өз басын барлық пендеден
Биікке балап үйренген.
Жаутаңдап тұнық жанарым,
Көз салғам, санап Құдірет! –
Биіктен маған қарадың –
Жердегілердің бірі деп.
Омырылғандай омырға –
Шеккенмін, сөйтіп, мен де шер.
Қосылып, бірақ тобырға,
Болмаспын, сірә, жермешел!..
Үмітті жойдың мүрдем ғып,
Түспеспін сендік енді ізге.
Пендеден көрген бұл қорлық –
Есімнен кетпес ергізде!
Өшірем жаннан сезімді –
Кигізген маған от-көйлек...
Армандап едім өзіңді,
Арманнан биік жоқ қой деп!..
Пәк арман – шырқар бар әнім,
Өтемін көкке таратып.
Жарқ етер жұлдыз-жанарым,
Төбеңнен ағып баратып!..
Қазан, 1980 ж.
Жетібай кенті.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі