Сен менi неғыласың, неғыласың – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен менi неғыласың, неғыласың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Сен менi неғыласың, неғыласың,
Жел-құйын ой-қиялға толы басың.
Көшеге көк көйлектi киiп шықсаң,
Көлденең көкаттыға жолығасың.
Жүргенде алдарқанып əркiмге бiр
Бередi парқыңды өлшеп нарқыңды өмiр.
Жалғыз тал жапырағың дiр-дiр қағар
Жақтырмай сары күздiң салқын лебiн.
Жалғыз тал сол жапырақ сырғаң ба едi
Сығанша сиқырына бұрған менi? –
Жаз қыстан,
Көктем күзден сырт айналып,
Сынаптай сырғып өтер жылдар легi.
Сен менi неғыласың, неғыласың,
Көктемнiң күзден гөрi өңi жасыл…
Самсаған мына жұрттың арасынан
Аңсаған адамыңа жолығасың.
Көлеңдеп көктем сайын көк көйлегiң,
Бейiшке бейбiт күнде беткейлегiн.
Баса алмай солығымды, сорым қайнап
Соңыңнан даусым қалсын жетпей менiң.
Қайтесiң iштен тынып менi өртенген?
Көз жазып қалмағайсың Көлеңкеңнен.
Өмiрiм өткен сайын,
Көктем сайын
Көркiңдi көкiрегiмде көгертем мен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен менi неғыласың, неғыласың өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сен менi неғыласың, неғыласың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен менi неғыласың, неғыласың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен менi неғыласың, неғыласың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері