Ақ орамал – Әсел Бимырзаева

Бұл бетте «Ақ орамал» атты Әсел Бимырзаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақ орамал

Дәстүрім бақыттың бастауы боп,
Ақ келінге ақ орамал таққызған.
Шала жанбас шырақтың жақтауы боп,
Ерте сөнбес «ертең»шамын жаққызған.

Жалау етіп жанына қуат терген,
Жақсылықтан жылы тілек, жорамалы.
Тал бесіктен тәрбиеге қуат берген,
Ғасырдайын Әжелердің орамалы.

Сақтаған Ата-салтын ақтан тұнық,
Адал болса,жамандық жоламады.
Қорғаған берген сертін сапта тұрып,
Уәде еткен Аналардың орамалы.

Әзиз-Ана қуаныш,қайғы жасы кепкен,
Данамның дұғасы сіңіп жоғалмауың.
Енелер бар, қасиетін ұлық еткен,
Болашақ келіндердің орамалын.

Куәсі боп,жеңістердің желбіреткен,
Жұбатылды жан азабы,жаза,мұңы.
Бүгінде аппақ ниет тілеп көктен,
Ақжаулықта ұрпағымның тазалығы.

Жын-періден түндігің жабар болсаң,
Желегіңді маңдайыңа орап ал да.
Ошағыңның үмітін жағар болсаң,
Білгей жүр,береке басы- орамалда!
Баста жүрсе,жат қылыққа өзгертпеген,
Киеліні қастерлегін толы амалға.
Өңшең өткір немелердің көзі өтпеген,
Манағы айтқан кимешек,орамалға!

Тәңірінен сауға сұрап пәк тілегі,
Отан отын өшірмеген От-Ананың.
Алаш білсін,тағылым ет Аналардың,
Некедегі құдіретті Орамалын!

Бимырзаева Әсел Маханбетқызы
Түркістан қаласы
№17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі


Пікірлер (1)

Aikorkem

Анаға арналған өлеңдердің бәрі де қымбат мен үшін. Аналарымыз аман болсын

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ орамал өлеңінің авторы кім?

Әсел Бимырзаева — осы өлеңнің авторы.

Ақ орамал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ орамал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әсел Бимырзаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ орамал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері