Соңғы кездесу – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Соңғы кездесу» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 666
Қайнары Карл
кең сарай
Журналистермен кездестік.
Ұғысып, ойлар тоғысып...
Мақсаттар биік көздестік!..
Веранова Яна,
Дәрігер екен, чех қызы.
Сөзімді, өлеңдерімді
Отырған жұртқа жеткізді...
Қиылып осы жырынды
Сыйлашы деп ол өтінді.
Арқалап кітап жүрмен деп.
Ақыры, міне, екіндім...
Көшіріп бердім қағазға
Көзінен көрдім, шаттығын
«Не қылған бейқам жансың» деп
Қалижан ағай тақты мін...
Өлеңімді ұқтың – мені ұқтың,
Мәні не өзге құр сездің
Құйылған өлең құдіретін
Осынау жерде бір сездім.
* * *
Қайнарда Ульрикадай жауқазын қыз,
Қыз жүрек – теңіне от, кәріге – мұз.
Сол қызға ақын Гете махаббаты
Аңыз боп, күллі әлемге тараған із.
Ульрика он жетіде алтын асық,
Жетпіс бес жаста ақын бұған ғашық.
Бұл шақта тап осындай ұлы сезім
Беу, дүние, болды екен кімге нәсіп?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңғы кездесу өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Соңғы кездесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соңғы кездесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соңғы кездесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері