Қыркүйек – Мерей Қартов

Бұл бетте «Қыркүйек» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1448
Көркіңе керім үздігіп,
Көз алмай, ұзақ қарадым.
Күрсіне берсін күзгі бұлт,
Жарқын ғой сенің қабағың!

Қыркүйек айы жаңбырлы,
Жәудіркөз Аспан жылайды.
Екеуміз – жұмбақ тағдырды
Сүйеміз ... және бұл айды.

Сарғайған бұрын, асыға...
Жапырақ – нәзік сағыныш.
Жақындау келші қасыма,
Шарпысың демім, жалын іш.

Сезім мен сезім үйлесіп,
Сөз демі гүлді жылытқан.
Күнім-ау, ғажап күй кешіп,
Жалғыздық жайлы ұмытқам.

Сыр айтсам тыңдар құстар,
Бақ...
Ағаштың тамған жасы – нұр.
Өзіңе шексіз құштар шақ,
Өмір ғой шіркін, ғашығым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыркүйек өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Қыркүйек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыркүйек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыркүйек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері