Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе,
Өлең шіркін көнбейді, керегі не?
Ол шындықтың семсері екі жүзді,
Жалған айтсаң тастайды бөледі де.
Бұған мені айыпты санамағын,
Дәрменсізбін, таусылды бар амалым.
Өлең тілін алмастан өкіректеп,
Талай рет таяқ жеп жараландым.
Кеуделінің жүрсем де бірі болып,
Кейде ақынның көретін күні қорлық.
Иілмеген «құдайға» қайран басым,
Кетті өлеңнің мәңгілік құлы болып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері