Сенім – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сенім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 899
Сен жоғалма, Сенімім, сен жоғалма,
Сен жоғалсаң бойыма ем қонар ма?
Анау-мынау демейін, алдыменен
Кедей менен керексің кембағалға.
Көлігім мен қосарда көшімді елге
Көнбей, қонбай кеудеме кесірленбе.
Анау-мынау демейін, алдыменен
Жетімдер мен керексің жесірлерге.
Дерт алғанда,
Өзекті өрт алғанда
Ермей қойып... кетпейін ерте арманда...
Анау-мынау демейін, алдыменен
Ғаріптер мен керексің кемтарларға.
Сен жоғалсаң – жоғалам мен де бірге,
Жоғалам деп келмейді пенде өмірге.
Сенен артық сенімді серігім жоқ
Жеме-жемге келгенде Жерде, Күнде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенім өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері