Жолыңа қайта-қайта қарайладым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жолыңа қайта-қайта қарайладым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1056
Жолыңа қайта-қайта қарайладым,
Татқыздың тəттi мұңның талай дəмiн...
Еркем-ау, ертегiнiң аруындай
Жүзiнен көрiнсеңшi шарайнаның.
Жел тұрса, жапырағы өлеңдетiп,
Қайыңға қарайлайды емен де тiк.
Семiрген қара суға көңiлiмдi
Қойдың ғой қара жолға елеңдетiп.
Бiлмеймiн, болдырдым ба, шаршадым ба,
Бақытқа кенелушi ем бар шағыңда.
Түнегiн түн жарымда бұзып шығып
Жүрегiм жер-жаһанға жар салуда.
Желбiреп көйлегiңнiң желге етегi
Кешiкпей, келiп кетсең нең кетедi?
Көңiлiң – мөлдiреген көл бетi едi,
Ерiнiң – елжiреген шербет едi...
Күрсiнiп ұясына Күн батты, əнi.
Маңайды келе жатыр түн жапқалы.
Жұбатар екем немен жүрегiмдi
Булыққан жас баладай құндақтағы?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолыңа қайта-қайта қарайладым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жолыңа қайта-қайта қарайладым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолыңа қайта-қайта қарайладым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолыңа қайта-қайта қарайладым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері