Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 850
Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы,
Сезім толқып ішіме кеп тұнады.
Көздерімді көзіңе қаратқызбай,
Ыстық жалын сен жақтан бетке ұрады.
Не күткенім, белгісіз... елікпеді,
Жаным жетім жаралы елікпе еді?
Жақындатты аспанға алақаның,
Айға қарай ұшырғың келіп мені.
Сәтсіздігін өмірдің біле тұрып,
Көздеріме қарайсың сыр ұқтырып.
Баяны жоқ жыладым, бақытымның –
Өтпелі сәтекенін біле тұрып...
Құпиямды өзіңе кім ұқтырсын,
Сезіміңе жібек тор үміт құрсын.
Мен ұйқыға кеткенде,
кешігіп кеп,
Жүрегімнің қақпасын ұрып тұрсың...
Ашпасымды асығып біліп тұрсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері