Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып,
Кім қалды, әнді сүйіп, сырды ұғарлық?
Төсінде қырдың бір гүл, қатарымен,
Көктемде көзін ашпай тұрды қалғып.
Шарпиды жүректерді жырым жалын,
Өрілген өмір деген бұрымды ағын.
Қызықтап көбелек, ара көркін, исін,
Гүлдердің сорды аузынан шырын балын.
Өмірді ғажайып күн жолы ұқтырды,
Түсімді қиял берер жорып, түрлі.
Ашылған ауызына күзгі гүлдің,
Көбелек қонбай, қар қонып тоңып тұрды...
Көктемнің жаңбыр нұры жуындырып,
Кім оны аялайды, жылындырып?
Оятып кеудемнен бір аянышты,
Солды гүл, жел қамшылап, суық ұрып.
Айналып көбелекке арман, үміт,
Қоштасты... кірпігіне маржан іліп.
Періште жер ананың перзентіндей,
Қалды гүл айдалада қар жамылып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері