Ақ қайыңды көремін қыз баладай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ақ қайыңды көремін қыз баладай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 710
Ақ қайыңды көремін қыз баладай,
Жапырағын жұлмағай ызғар оңай.
Ұзақтайын демесең қасыма кел,
Сіз – ақ қайың болғанда, біз – қарағай.
Жаралмай ма жақындық жарасымнан?
Жатырқама, бол маған жанашыр жан.
Желді күнгі теңселген теректейін
Жүрегімді аяла аласұрған.
Соқсын жүрек өзің деп аласұра,
Жара қоспа жанымның жарасына.
Дауыл күні қайың да иіліп кеп,
Енбес пе еді теректің панасына?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ қайыңды көремін қыз баладай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ақ қайыңды көремін қыз баладай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ қайыңды көремін қыз баладай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ қайыңды көремін қыз баладай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері