Бара алмаған жолдар бар, барғым келер – Жадыра Байбұланова

Бұл бетте «Бара алмаған жолдар бар, барғым келер» атты Жадыра Байбұланова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бара алмаған жолдар бар, барғым келер,
Тама алмаған жанарда жаңбыр да өлер…
Адамдар көп, байқаймын, айналамда —
Амандықтан аспайды әңгімелер…

Қол бермесем — қалды дер құлашты аяп,
Жақсы десем жағдайым, растай-ақ!
Жан болса ғой, хат жазып жіберетін,
Аман-саулық, күн райын сұраспай-ақ…

Менің жалғыз жағдайым, дертім — жүрек,
Жақсымын деп, жүректі өлтірдім көп.
Өлең жазып отырмын хат орнына,
Босап қалған кеудені толтырғым кеп.

Көре алатын жан таппай жанарсыз да,
Көнді көңіл ызғарға, санам — сызға.
Ал адам көп…
Адам көп айналамда:
— Сәлеметсіз?
— Қалайсыз?
— Амансыз ба?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бара алмаған жолдар бар, барғым келер өлеңінің авторы кім?

Жадыра Байбұланова — осы өлеңнің авторы.

Бара алмаған жолдар бар, барғым келер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бара алмаған жолдар бар, барғым келер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жадыра Байбұланова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бара алмаған жолдар бар, барғым келер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері