Босаттым ішімдегі бір адамды – Жадыра Байбұланова

Бұл бетте «Босаттым ішімдегі бір адамды» атты Жадыра Байбұланова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Босаттым ішімдегі бір адамды,
Кешірдім кінәларды, күнәларды,
Сөйтті де өмір мұңнан бір тазарды,
Сөйтті де көңіл кірден бір ағарды...

Арылып күллі қоңсық, кір-қоқыстан,
Шаттандым!
Жүрегім де күлді оқыстан.
Күтпеймін енді өзгеріс Көктем келсе,
Күтпеймін енді хабар жылда құстан...

Орын жоқ тіпті, ішімде енді мұңға,
Көз күліп, көңіл тасып, сел қылуда.
Әлемді құшып, сүйіп алғым келді -
Өкпесіз ғұмыр - маған, мен - ғұмырға.

Болса екен ұзағынан осы күндер,
Бәлкім, ел қателік-ау шешімің дер...
Ей, адамдар, бақытты болғың келсе,
Бақытсыз қылған жанды кешіріңдер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Босаттым ішімдегі бір адамды өлеңінің авторы кім?

Жадыра Байбұланова — осы өлеңнің авторы.

Босаттым ішімдегі бір адамды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Босаттым ішімдегі бір адамды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жадыра Байбұланова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Босаттым ішімдегі бір адамды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері