Жазылмастан қалды іште қаншама өлең – Жадыра Байбұланова

Бұл бетте «Жазылмастан қалды іште қаншама өлең» атты Жадыра Байбұланова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жазылмастан қалды іште қаншама өлең,
Өткен күннен белгі боп қалса деп ем...
Бәлкім, кейін, дәм-тұзым таусылғанда,
Бір шумақ жыр жазуды аңсап өлем...

Боялғандай бұлыңғыр түске маңай,
Тірі жүріп, тіл құрғыр тістеледі-ай!
Көздің жасын көрсету - қандай бақыт
Менің жасым ағады ішке қарай...

Құлыбы жоқ бұл өзі қандай қамау?
Жазылған ба бітпейтін маңдайға дау?
Менің жазам - мәңгілік махаббатты
Мүлдем естен шығару - мәңгі ойламау!

Адастырар деді ме осы көпті,
Маған тағдыр неге олай шешім етті?
Білсеңдер ғой, сайраған бұлбұлға да,
Алтын торда ән салу - қасіретті...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазылмастан қалды іште қаншама өлең өлеңінің авторы кім?

Жадыра Байбұланова — осы өлеңнің авторы.

Жазылмастан қалды іште қаншама өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазылмастан қалды іште қаншама өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жазылмастан қалды іште қаншама өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері