Қоштасу үшін бір кездесейік – Жадыра Байбұланова

Бұл бетте «Қоштасу үшін бір кездесейік» атты Жадыра Байбұланова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қоштасу үшін бір кездесейік,
Бір тілдесейік соңғы рет.
Қап-қара Түнге Күнді іздесейік,
Ойлап жүр Ол да сөнді деп.

Күнменен бірге көріп қалайын,
Көңілің содан күйсе артық…
Әтірді ұнайтын сеуіп барайын,
Сағынышымның иісі аңқып!

Ұзын көйлектің сыз ап етегін,
Саған айтатын сәт ұттым –
Өмірдің сонша ұзақ екенін,
Тым қысқа екенін бақыттың…

Ойнады жалған солай – көнейік,
Жасымды жыр қып жаттайды ел.
Уақытқа үздігіп қарай берейік,
Сен бірақ сағат тақпай кел…


Пікірлер (2)

Сара

көнейік

Бағдат

Керемет.....

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоштасу үшін бір кездесейік өлеңінің авторы кім?

Жадыра Байбұланова — осы өлеңнің авторы.

Қоштасу үшін бір кездесейік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоштасу үшін бір кездесейік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жадыра Байбұланова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоштасу үшін бір кездесейік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері