Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның – Жадыра Байбұланова

Бұл бетте «Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның» атты Жадыра Байбұланова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның,
Мендегі бұлдыр Әлемнен!
Кембағал еді, кетік-ті арманым,
Сен келмей тұрып, әуелден…

Шыдай алмасың шын, ағыстарға,
Тағдыр сап берген белгімен!
Өзім сенбейтін қуаныштарға,
Өзіңді қайтіп сендірем?..

Сол күмән бізді тыныш қоймады,
Қайғымды қан ғып жұттың іш.
Ұмытсаң мүлде — дұрыс қой, бәрі…
Сағынбасаң да — дұп-дұрыс!

Қасірет тұман торуы жанды,
Сен бірақ мұңға малынба!
Кетсең… Бір себеп болуы заңды,
Және оны айтпағаның да!

Заңдылық кету — бөлек болғанда ой,
Сыртымда және ішімде!
Жоғалту Сені керек болған ғой,
Өзімді табу үшін де!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның өлеңінің авторы кім?

Жадыра Байбұланова — осы өлеңнің авторы.

Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жадыра Байбұланова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері