Япыр-ай – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Япыр-ай» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 520
Япыр-ай, шырағым,
Тыныш бір жүрмейсің
Өзгенің шырағы
Жанды деп күндейсің.
Өзіңше марқасқа
Бір алып пілдейсің,
Піл болудың мәні
Не екенін білмейсің.
Өзіңнен биікті
Кінәлап етпей жау,
Қанағат деп жүрсең
Болады денің сау.
Алланың бергені
Ол дербес несібе
Ол артып кетті деп
Күндейсің несіне.
Дертіңнің бойында
Атын біл — күншілдік.
Мерт болып қап жүрме
Ызадан тұншығып.

20.12.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Япыр-ай өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Япыр-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Япыр-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Япыр-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері