Бұл бетте «Жылбысқы қар» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Борап тағы –
Астанада жауды қар.
Қонақтады:
Бұтағына талдың әр.
Тынбай қуып,
Елеуiштей жел оны:
Ұндай қылып,
Бұрқыратып еледi.
Дедектетiп,
Желiккен жел мұны әрi:
Кебектей ғып,
Шалшық суға шылады.
Жел басылмай…
Шатырларға қонған қар:
Көз жасындай,
Ерiп, төмен сорғалар…
Жел үдедi,
Тынар емес өршiп бұл.
Жол жиегi –
Ластанды көлкiп су…
Жап-жарық нұр,
Тұмшаланды тұнжырап:
Қар жауып тұр,
Жұрт су кешiп жүр, бiрақ...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі