Астана. Қыс. Көктайғақ
Бұл бетте «Астана. Қыс. Көктайғақ» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Астана. Қыс. Көктайғақ…
Көшелерден өт жайлап:
Машиналар –
Сырғанар,
Сәл кiдiрсе тоқтай ғап.
Мұз ойнақтай:
Көше,
Алаң,
Тайғанақтар өкше одан.
Бүгежектеп, бүгiлiп,
Тiк жүре алмас еш адам.
Күндiз ерiп қар қатқан,
Су жиналар жан-жақтан.
Құм себiлген тастақ жол,
Шарайнадай шаң басқан.
Күн нұрына балбырап,
Тер сорғалап,
Қалжырап:
Шатырға өрлеп шыға алмай,
Сүңгi мұз тұр салбырап…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі