Есті әрі көргенді, жігіт болам мен енді
Бұл бетте «Есті әрі көргенді, жігіт болам мен енді» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұлғасы зор,
Еңселі,
Іске мығым, белсенді
Азаматты
Жұрт мақтап,
«Есті жігіт» деседі.
Қақ-соқта жоқ шатағы,
Сыйлас тұстас қатары
Азаматты
Дүйім ел
«Көргенді» деп жатады.
Сенім, міндет артылар,
Бұл сөздің өз шарты бар:
Меніңше,
Естіп, көргені,
Көп адамға ол айтылар.
Күтер алдан төр мені,
Риза болар ел де өзі.
Есті әрі көргенді
Жігіт болам мен енді.
Төңірекке қызығам,
Естіп, көріп сыр ұғам:
Жұртқа жасап жақсылық,
Алғыспенен жылынам!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі