Нинаға – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Нинаға» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 878
(Шиллерден)

Беу! Қиялшыл күндерім ой жарасқан,
Сүңгіп мәңгі кеткенің бе түнекке!..
Сол бір сәнді жұлдызды ойлап мен қашқан,
Жетімек боп жүдеу тартқан жүрек те,
Талықсыған сол жұлдыздай көмескі,
Өткен шағым бақыт құшқан емес-ті.
Мейлі, мәңгі шомып тәтті қиялға,
Жата бер сен екі көзің жұмулы,
Тебіренермін өзіңді еске алам да,
Жүрегіме сақтау үшін жылуды.
Амал қанша сүйесің сен жарықты,
Махаббатсыз ұмытып мен ғаріпті!
Айтшы, Нина, махаббаттың жандырған,
Жалынынан құтылар кез болар ма?
Сезіміңді шарпып бойды дал қылған,
Шалғайларға әкетер кез болар ма?
Жер сыйлаған ұқсап байғұс пендеге,
Сөнетін шақ туар ма екен күнге де?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нинаға өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Нинаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нинаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нинаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері