Қарапайым жыр – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Қарапайым жыр» атты Светқали Нұржан жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1625
Біле алмадым — тірліктің шарты қандай?
Алды мұндай болғанда — арты қандай?..
Хақ сыйлаған қып-қысқа ғұмырымды
Жүрсе болды бәз - біреу тартып алмай.
Күй кешемін кей-кейде — мұң кешемін,
Жапа-жалғыз мұхитта малтығандай.
Неге зармын — білмеймін, кімге шөлмін?
Жүрегімде жүргені бір кеселдің.
Атын қойдым дертімнің — мұң-мешелмін.
Табиғатпен бір көктеп, бірге солдым.
Бақ жимадым, бал жыйдым — Ділге сордым.
Көктем құйып ұсынған өз қолымен
Сарқып іштім шарабын гүл-кесемнің.
...Әзірейіл келген күн өкінбей - ақ
Ағаш атқа еркіммен мінгесермін.
Қысқа жібін тірліктің күрмесермін.
Мейлі, ішіне тартса да жақынсырап,
Мейлі, орына жықса да ғафыл сынап —
Ебін білген, тірліктің бөзін бүрген
Шартықтарға бармаппын ақыл сұрап.
Көксіл көктем, ақшыл қыс, сар тамызда
Елдің артқан азабын тартамыз да!
Аллаға алғыс! —
Пұл қимай қалтамызға,
Жанарға — Мұң,
Нұр құйған Аңқамызға...
Ардың аппақ гүлі өсіп тұрары анық
Мың жыл кейін табылған қаңқамызда.
Жастық - көктем! —
Түзеген көшін қазым,
Рәсуә қылдық па есіл назын?..
Албырттықпен аңдамай айтқан сөзді —
Кеш, көктем, күз, кешір, қыс, кешір, жазым!
Кеш, жұлдызым, кеш, күнім, кеш, қылаң Ай,-
Салып кеткен, Айдыным — төсіңде әжім...
Көгертем деп төгемін алапқа тер,
Құрбанымын — жатса елді қамап қатер.
Ақ құсыңмын! —
Қия алмай соңғы сәтте
Қанатымен айдынын сабап кетер!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарапайым жыр өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Қарапайым жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарапайым жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарапайым жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері