Айнала ағайынға жүрген ұнап – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Айнала ағайынға жүрген ұнап» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 567
Айнала ағайынға жүрген ұнап,
көңілің бірде көл де, бірде бұлақ,
аға да жаға болғың келгенімен
аласың ара-тұра сыр беріп-ақ.
Сырт көзге көрінсем деп "тірі мықты",
іздейсің езінде жоқ ірілікті,
мәрттікке жаралмаған майда тірлік
әзірге ақтамай-ақ жүр үмітті.
Әп-сәтте әдіра қап бар ынтымақ,
айнала жібересің тарылтып-ақ.
Содан да саған деген біздің көңіл
қояды ауық-ауық қалыңқырап.
Үйренген ескі әдетті өлі сақтап,
кетесің кешегіңнен сәл ұсақтап, —
адамның созылмалы пенделігін
ешқандай ала алмайды нар ісі ақтап.
Сырыңды біліп болған Алаш анық,
ендеше несіне біз таласалық:
берерде қаншалықты биіктесең,
кетесің алар кезде аласарып.
Айнала ағайынға жүрген ұнап,
көңілің бірде көл де, бірде бұлақ.
Текті де бетті болғың келгенімен,
қоясың ауық-ауық сыр беріп-ақ!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айнала ағайынға жүрген ұнап өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Айнала ағайынға жүрген ұнап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айнала ағайынға жүрген ұнап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айнала ағайынға жүрген ұнап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері