Басылар ма басыбайлы өксігім

Бұл бетте «Басылар ма басыбайлы өксігім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Басылар ма басыбайлы өксігім,
аспаным бір ашылар ма,—
өтші, күн,
даусымды айқын шығартпай да барады,
бұл не деген таусылмайтын көп шығын?!
Бір үмітім бір үмітке жалғанбай,
көлдің түбі көрініп те қалғандай,
жерде жоққа жерік қылған көңілім,
құдай өзі беріп тұрған барды алмай!
Жарылқайтын жақсыларды жайдарлы,
жасағанның шапағаты қайда әлгі?—
Көкіректі көрік үн де қыздырмай,
сенімім де сарқылуға айналды.
Сығырайын тесігінен түңліктің,
тымырайып тұрып алды ілбіп күн,—
Сәл үдетіп сыздауықтай сарынын
дәмі кетіп бара жатқан тірліктің.
Аңғара алмай —
жөнім қайсы,
жосығым,
жосығымның жоқтығынан шошыдым,
көгерсе де, не берсе де —
көретін,
тезірек бір өтсе деп ем осы күн!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басылар ма басыбайлы өксігім өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Басылар ма басыбайлы өксігім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басылар ма басыбайлы өксігім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басылар ма басыбайлы өксігім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері