Ерте көктем, Қыстауда

Бұл бетте «Ерте көктем, Қыстауда» атты Светқали Нұржан жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1678
Жусан бүрін жарыпты — тышқанқұлақ,
Әзір келе қойған жоқ құстар, бірақ.
Гуілдейді салқын жел әлсін-әлсін,
Әлдеғайда жатқандай мыстан жылап.
Желігіп жүр беткейде бір көк дөнен,
Көзім тіге беремін қыр бетке мен...
Қысқы әнінің айтуда қайырмасын,
Жел өтінде бұталар дірдектеген.
Қараөзек шақ.
Иесіне ерке қарап,
Жер тарпитын сұлық тұр торы төбел ат.
...Аспан асты қалың бұлт. —
Әлде біреу
Күн-бөбекті тастаған көрпеге орап.
Жылынады сайларға жолдар кіріп,
Ағам анау, түспей жүр қолдан құрық.
Жеңгем күліп келеді, қой қорадан
Етегіне сап-сары тоңғақ жұғып.
Не істеп жатыр деді ме тыстағылар,
Інім шықты далаға — құсқа құмар. ...
"Құс қанаты" жауады-ау бүгін-ертең.
Қар қылаулай бастады...
Түш, жануар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерте көктем, Қыстауда өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Ерте көктем, Қыстауда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерте көктем, Қыстауда өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ерте көктем, Қыстауда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері