Мен барармын – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен барармын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Мен барармын
Немесе сен келерсiң,
Көлеңкелi көңiлге дем берерсiң.
Қиялдағы өң-түсiн Перiштенiң
Түсiнде емес, өңiнде пенде көрсiн.
Айлы кешсiң,
Əлде əйбат жарық таңсың,
Бар екенiң əйтеуiр анықталсын.
Көкiрегiн нұр жайлап,
Сиқыр байлап,
Көрген жандар есiнен танып қалсын!
Əлде серуен
Маңайың, əлде сейiл,
Сəулетiңмен сəруəр сəндесейiн.
Əбiлхаят суынан ұрттағандай
Алмағайып, ғажайып хал кешейiн.
Ұшар едiм, қайран-ай, қанат қайда?!
Таусылғандай сабыр мен тағат бойда
Пенделiктi жазғанша пешенеме
Перiште ғып құдайым жаратпай ма?
Тақырға гүл,
Шыққалы тасқа қына
Байызсыз күн көбейдi баста мына...
Елең-алаң кезде бiр ес жидырмай
Алып кетшi алты қат аспаныңа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен барармын өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мен барармын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен барармын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен барармын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері