Түркістан
Бұл бетте «Түркістан» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.
Тұранның егі-шексіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!
Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
Жаралып таудан аққан салқын жастан.
Шөлдер бар, жел де жүрмес, сап-сары құм,
Моладай ешбір үн жоқ мәңгі тып-тын.
Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
Сары құмда салар ойнақ пері мен жын.
Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
Шалқыған егі-шетсіз Теңіз, Арал.
Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
Бауырында дүние көрген түрік көкжал.
Ертеде Оқыс, Яқсарт - Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейітін.
Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың
Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай.
Балқашты бауырына алған Тарбағатай,
Жоталы, жер кіндігі - Памир, Алтай.
Қазығұрт қасиеті тау болмаса,
Топанда Нұх кемесі тоқтар қалай?
Тұранның жері де жат, елі де жат,
Құйындай бастан кешкен күші де жат!
Тұранды түгелімен билеп тұрған
Ертеде ертегі хан Афрасияб.
Ежелден жер емес ол қарапайым,
Білесің, тарихты ашсаң Тұран жайын.
Тұранға қасиетті құмар болған
Ертеде Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткенбе?
Кең ақыл, отты қайрат,жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткенбе?!
Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр аты да
Адамның жүрегіне жігер берер.
Шыңғыстан Шағатай, Үкітай, Жошы, Төле
Атаға тартып туған бәрі бөрі.
Шыңғыстың қол бастаған екі көзі —
Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе.
Тұранның билері бар Тарағайдай,
Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан найзағайдай.
Тұранды мақтамаймын тіпті текке,
Онсыз-ақ Тұран таныс талай шетке.
Сырласқан үйде отырып аспан-көкпен
Білгіш аз жеткен жүйрік Ұлықбекке.
Асыл қан - қасиетті түрік қаны,
Сол қаннан — Ибн-Сина Әбуғали.
Молдығы білімнің сиқыр дерлік,
Дүниеге мұндай адам тудыма әлі?
Түріктің кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз ішекті домбырасын
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!
Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?
Арыстан елге Отан болған Тұран,
Тұранда қазағым да хандық құрған.
Қазақтың қасқа жолды Қасым ханы
Тұранның талай жерін билеп тұрған.
Әділ хан аз болады Назардайын,
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен
Басында Күлтөбенің Құрылтайын.
Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны — Абылай ері...
Тұраннан Сарыарқаны бөлек деме,
Түркістан алты алашқа болған Кебе.
Тұранның топырағын құшып жатыр
Кешегі ердің ері көкжал Кене.
Шер батса — кім іздемес туған елін,
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқанын ардагері - қалың алаш,
Тұран да, біле білсең, сенің жерің!
Қырағы Тянь-Шань мен Памир, Алтай,
Күтеді көптен сені қарай-қарай.
Кене мен Абылайдың жолын қумай,
Жапанда жайылудың мәні қалай?!
Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі - сол екі су жағасына,
Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!
тагыда дурыс олендер барма
керемет
Тамаша
тамаша жазылган керемет
Өте керемет өлең маған қатты ұнайтын өлеңдердің бірі.Рахмет
Дұрыс өлең барма
Сайтта өлең көп екен! Іздегеннің бәрін табуға болады!
керемет олен
Керемет маған ұнайды
мыктыы Туркестан унадыы
Катты унады
шынында да керемет жазылган журекты толкытып тамаша сезимге болеиды екен.
Катты унады
Күлдей күңгірт шашы бар, Тоқсан бесте жасы бар, Көз дегенің – сұп-сұр көр. Тасбиқ санап бүгіліп, Жерге қарап үңіліп, Көрше ауыр күрсінер, Менің бір қарт анам бар, Неге екенін білмеймін – Сол анамды сүйемін! Көзінде көк нұры жоқ, Аузында жұмақ жыры жоқ, Жалынсыз, усыз құшағы, Иірілмейді жыландай, Сөзі де жоқ құрандай, Білгені – қазан-ошағы. Жабайы ғана жарым бар, Неге екенін білмеймін – Сол жарымды сүйемін! Ұйқы басқан қабағын, Бастыра киген тымағын, Жалқаулықты жар көрген. Жүрген ескі заңымен, Алдындағы малымен, Бірге жусап, бірге өрген, Алаш деген елім бар, Неге екенін білмеймін – Сол елімді сүйемін! Сағымы сайран құрады, Бораны ұлып тұрады, Қыс – ақ кебін, жаз – сары. Орманы жоқ, шуы жоқ, Тауы да жоқ, суы жоқ, Мәңгі өлік сахарасы. Сарыарқа деген жерім бар, Неге екенін білмеймін – Сол Арқамды сүйеміТүркістан деген тамаша жер ғой шіркін. Өте адеми жазылған
© www.ZHARAR.com
керемет
мынаны калай жаттауга болады??? =(
Өте керемет
Керемет
өте керемет !!! маған қатты ұнады
Керемет
Тамаша
Күшті жазылған
өте жақсы
Манды магыналы
1 шумагын жаттап алдым рахмит билим.алл.кз сайты
ТАМАША
Зын зын
Өте керемет
Магжан Жумабаев оте керемет акын! Магжанды шыгыстын Пушкини деп Пушкинге тенеген,шынында Магжан Пушкиннен де мыкты акын болган...
Сіз кереметсіз
Жаксы. Асыресе тортыншы шумагы катты унады
Баска да олендеры бар ма
Айгулиев Отежан, көөөп
Өте күшті өлендер
Күшті өлеңдер
жақсы
Өте керемет
Керемет өлеңдер
Керемет өлең
Өте керемет!
Өте жақсы күштіф
жаксы
жаксы жазылган
Керемет
Мағжан Жұмабаевтың Түркістан атты өлеңі ұнады
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой!!!
Өте керемет.
қатты ұнады
Өте күшті ????
Өте керемет өлең екен
Мағжан Жұмабаевтың мәңгілік патриоттық шедеврі: "Түркістан"! Мағжан ақын Түркістанды (Тұранды) түріктің қасиетті бесігі, екі дүниенің есігі ретінде мадақтайды. Тұранның тарихы, табиғаты, батырлары мен данышпандары туралы отты патриоттық жыр. Отанға деген махаббат, тарихқа құрмет!
Мағжанның «Түркістан» поэмасы қандай керемет! «Түркістан — екі дүние есігі ғой, Түркістан — ер түріктің бесігі ғой» деген жолдарды оқығанда жүрегім толқып, мақтаныш сезімімен толдым. Тұранның тарихы, Шыңғыс, Темір, Абылай, Кенесары сияқты ұлы ерлердің мекені ретінде суреттегені соншалық әсерлі! Отанға, тарихқа деген махаббатты осылай отты жырлаған ақын аз ғой. Жас ұрпақ осыны оқып, рухы көтерілсін!
«Түркістан» деген өлеңді оқып отырып жүрегім елге тартты ғой! Түркістанның қасиеттілігі, тарихи рухы менің ішімді үгіттеді. Ақын ерекше сыпайы, әсем сөздермен туған жерді, қасиетті өлкені шынайы жеткізген екен. Өлеңнің әрбір жолында ұлтымыздың бай тарихы мен мәңгілік арманы көрінеді. Оқып отырып көзім елестеді – кең дала, көне кесенелер, имандылық пен арман! ✨
тамаша олее
Зор!!
Супер