Мен сені іздеп тапқанша көп адастым

Бұл бетте «Мен сені іздеп тапқанша көп адастым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 835
Мен сені іздеп тапқанша көп адастым,
Күйін кешіп, ұрыншақ, шала мастың.
Бар еріктен айырып, оттай жанған,
Жүрегімді көкпар ғып ала қаштың.
Ала қаштың, тоқтауды ойламадың,
Сүйікті емес «тән» болды ойлағаның.
Әйел жанын жылтырақ, ойыншық қып,
Жүрекпенен сен бұлай ойнамағын.
Қас қабағың қандай сыр білдіреді,
Көктемдегі көбелек гүл жүрегі.
Ғашық болып, сеніңше сүю деген,
Алданудан тұра ма кім біледі?
Кездесті ме, таныс тау, таныс бағың,
Кездесті ме, көзкөрген, таныстарың.
Іздеп тауып, басқанша аптығымды,
Адастырып ізіңнен, алыстадың.
Тазалықтың күйретіп намыс тағын,
Алыстағын, мейілің сен алыстағын,
Мен сені іздеп тапқанша, көп адасқам,
Ант-су ішіп келмейді нан ұстағым.
Өкінішті өзіңе табыстадым,
Әлдекімдей шақпаймын танысқа мұң.
Қараңғыда басқан әр ізіңді аңдып,
Мен соңыңнан келмейді шам ұстағым,
алыстадым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сені іздеп тапқанша көп адастым өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Мен сені іздеп тапқанша көп адастым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сені іздеп тапқанша көп адастым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сені іздеп тапқанша көп адастым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері