Тістену – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тістену» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4539
Сарығұл өткен ғасырдың аяқ кезінде өмір сүрген, билікті топтан көп қорлық көрген кедей палуан екен.

Күндеңдер мына мені –
кішіртудің сол шығар бір-ақ емі.
Мен түгілі, мерт болған күншілдерден
Ақанның Құлагері.
Жүздеріңнен төгіңдер қылыш-ызғар,
содан, рас, жанымның мұңы сыздар.
Үн шығармай бәрін де ұғып тұрып,
мойындамауға тырысыңдар.
Сыртымнан ғайбат үнмен
қаралаңдар,
оқ атып найза-тілден.
Күн көріңдер, әйтеуір, қапы қалмай,
өзгені жайратумен.
Құлатыңдар мына мені –
көп өмірдің құздары, жыра, белі.
Қимылдаңдар.
Бірақ тек соның бәрі –
менің кішірмеуімнің бір-ақ емі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тістену өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тістену өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тістену өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тістену өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері