Иығыңнан төгілген қара шашың, – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Иығыңнан төгілген қара шашың,» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Иығыңнан төгілген қара шашың,
Мұнайдың атқылаған фонтанындай.
Қара қасың иілген қарлығаштың,
Қанаттары еркелеп қаққанындай.

Еріндерің қызғалдақ, раушангүл ме?
Дәмі балдай құлпынай тосабынан.
Қос қабаққа жарасып қара сүрме,
Қара көзің теңіздің маржанынан.

Сен тұрғанда қалады дала ұйып,
Сұлулықтың ерекше салмағынан.
Саған қарай талай көз кетер күйіп,
Армандардың шыңы боп қалмағынан.

Әтіріңе масаурап, еріп кетер,
Небір жігіт қырқынның аңсағаны.
Мойыныңды иіскеуді аңсап өтер,
Қаусаған шал өлгелі жатсадағы.

Бұл саусақтар лайықты гаухартасқа,
Құдыз тонға лайықты иықтарың,
Құшағыма жарассаң амал басқа,
Кезек кезек алар ем сүйіп бәрін.
Ержан Қабышұлы /Bura-Naiman


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар