Өлең, жыр, ақындар

Жантолының монологы

  • 30.03.2018
  • 0
  • 1
  • 11265
Жантолы - Мұрат ақынмен замандас әнші, домбырашы, әрі ақын қыз. Ел аузында мынадай бір сөз бар: думандатып отырған акындар тобының үстіне: «Жантолы келді!» дегенде, біреуі: «Е, кайтеміз, байталға бәйге берер біз бе екені!» - депті.

Ей, ақындар, серілер!
Отырсыңдар ма алқалы топқа сөз маржандарын тізбектеп,
бұл дүниенің мықтылары деген біз деп тек.
Әр жерден жиған «асыл» ойлары таусылып қалған жоқ па деп,
қиналып терге малшынып қалған жоқ па деп,
алдарыңда тұрмын іздеп кеп.
Ортаңа кеп ем жиналған жер деп сорпаға шығар жақсылар, көруге бір сәт бәйгеге түсіп, бақ сынап. Отырсыңдар ма біріңді бірің қызғану менен күндеуден жарылып кетпей шақ шыдап!
Ей, мақтаулы Мұрат!
«Байтал» деп сонша сен неменеге мастандың,
Тәңірімнің өзі тәлкегіне салар асқанды.
Алшаңдай басып жүргендер бар-ау, қайтерсің,
алақандай көріп аспанды.
Қыз болып тусам, кінәлі ме екем бұған да? Алтынды сірә көлеміне қарап сынар ма! Тау менен тасты жаңғыртып бара жатады қисыны кеткен кұр арба!
Елбелектеген еркектер сынды арзанқол сөздер жат маған
(Бабалар айткан дана сөздерді «өзімдікі» деп те жаттаман).
Рас, мен әзір балапан құспын
қанатым әлі катпаған,
әлемнің аппақ алақаны ғана баптаған.
Шығыңдар бермен жүректерің болса жыр атқан,
шабыттарыңның да шалқарлығын бүгін сынап қал!
Сендер секілді періштесінген пендені
шығайын айдап жұмақтан!



Пікірлер (1)

Eldos

Eldos оте жаксы

Пікір қалдырыңыз

Баянауыл, Баянтау...

  • 0
  • 0

Киелі өлке, құтты аймақ,
көлбеген маңғаз таулары
басына әппақ бұлт байлап,
көркімен жанды баурады.

Толық

Ленин туралы ода

  • 0
  • 0

Революция қырықта.
Дәл қырық жыл жанғанына
жердегі бар үміттің.
Осынау жас - кемел шағы жігіттің.

Толық

Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім

  • 0
  • 0

Өзіңе өкпелегенім -
мұңданып төккен өлеңім;
соншалық ашуланғаным -
жаныммен ашынғандағы үн;

Толық