Ой тамшылары
Бұл бетте «Ой тамшылары» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жер таппай, қысыламын кең даладан,
Кешеден бүгінгіге кім, келген аман.
Қасқырдан, жортқан жыртқыш аңнан емес,
Адамнан қорқатұғын болды-ау адам..
* * *
Тіршілікте тілек көп, өтініш көп,
Өтінбеші, «өмірдің отын іш» деп.
Бүгінгі сәтті, тәтті сезімдерім,
Өртейді ертең өзекті өкініш боп...
* * *
Айттың неге өмірді жапырақ деп,
Жапыраққа оқ атқан ақымақ көп.
Аспанға ұшып кетет те, менің жаным,
Тәнім жерге қосылар топырақ боп...
* * *
Толқып жүрсем, толқынды сүйдім бе деп,
Ағып келіп, тірелдім ирімге көп.
Өз жерімді өзіме қабір етіп –
Қабірімнің үстінде «ол» би билемек...
* * *
Ел едік қой, еш алаңсыз жатқан жай,
Айтар болсам, «айыбымнан» ақталмай.
Өтті уақыт, зұлымдығы басымдау,
Тыныш, «момын», қойға қасқыр – шапқандай...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі