Мейірім нұры – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мейірім нұры» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 537
Мейірім нұры мазасын алып,
Көбесі мұңның сөгілді.

Таңдайға тағы тәтті жыр келіп,
Тісімнен маржан төгілді.

Ұмытып сонау қамсыз кезімді,
Көкжйекке қол созбадым.
Әр неге сенгіш аңқау көнілді,
Тыныштық күйден қозғадың.

Күннің ызғары көлдің мұздары,
Түсірмес сызат сезімге.
Құлпырып ғалам кетеді екен,
Жүрекпен күлген кезіңде.

Мейірім нұры ауысар ма әлде,
Терезесіне басқа үйдің?
Кеудемді жүрек ұрғылап кетті,
Толқыны сынды кәспидің..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мейірім нұры өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Мейірім нұры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мейірім нұры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мейірім нұры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері