Махаббат – бал өмір – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Махаббат – бал өмір» атты Абдрахман Асылбек жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1957
Әнін жазған Қуат Шілдебаев

Көптен сағынған көктем келді де,
Қыс күні алмасты.
Күміс күлкіге кезек берді де,
Жас өмір жалғасты.

Қайырмасы:
Тамаша күндер,
Тамаша түндер –
Шалқыған ән-көңіл.
Дүние думан,
Қызықты қуған
Махаббат – мәңгі өмір.

Ерте оянып ерке бұлақтар,
Көңілді ән келді.
Гүлге оранып көркем қыраттар,
Ерекше сән берді.

Қайырмасы:

Тәңір табиғат шашып шапағат,
Бәрін де түлетті.
Көктем нұрымен гүлдеп махаббат,
Тербеді жүректі.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат – бал өмір өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Махаббат – бал өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат – бал өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат – бал өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері