Тамыз бекеті – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Тамыз бекеті» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Мендегі арзан шаттықты мөлдір мұң жеңді,
Көндіре алмадым ырқыма көндіргім келді.
Тамыздың кеші тамылжып тəтті күй шерткен,
Елжіреп тұрып еске алам сол бір күндерді.

Елжіреп тұрып еске алам, жазығым қанша?
Əл жиғызатын сол шақтар азығым болса.
Өзімнен басқа жауапқа тарта алам кімді,
Келмейтін күтіп кемені жазым ұрланса?!

Бермейді сосын сұрақтар өзіме тыным,
Кетпестей ұя салады көзіме мұңым.
Бақыт дейтұғын мейманның сезбедім бірақ,
Тамыз дейтұғын бекеттен кезігетінін.

Сүйінші сұрап қос өзен жосыла аққанда,
Аң-таң боп тұрдық сəл ұқсап ақымақтарға.
Куəміз деді екі тау бақыттарыңа,
Алаңсыз жерге құлады жапырақтар да.

Жаныма алдым керегін күмбір үндерден,
Көзіміз ессіз қуанды бір- бірін көрген.
Күннің де көзі жүректі күйдіретұғын,
Ғажайып мұндай бекетке кім бұрын келген?!

Мендегі арзан шаттықты мөлдір мұң жеңді…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамыз бекеті өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Тамыз бекеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамыз бекеті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамыз бекеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері