Менің даусым тастардан да шығады

Бұл бетте «Менің даусым тастардан да шығады» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1449
«Жалған дүние, аяр дүние, сыяр маған,
Мен сыймаспын, дүниеге, сыймаспын...»
Насими

Кейде осы ойларыма сыймаймын,
Ми-санамды біреу мүжіп жатқандай.
Кейде өзімді азапқа сап қинаймын
Түпсіз терең тұңғиыққа батқандай.
Адамдардан өзім безген шақтар бар,
Менен үркіп қашты қанша пенделер.
Мені алда шақырады ақ таңдар,
Ал өсектер ескен желмен тербелер.
Мен танимын табиғаттың дауысын,
Аталарым мінген аттың тұяғын.
Менің жаным қылдай нәзік қауырсын
Дала үнін жырларыма құямын.
Дала даусы,
Ғасырлармен үндескен,
Сол бір дауыс құлағымда тұрады,
Даламенен дала болып тілдескем.
Менің даусым тастардан да шығады,
Жүрегімнің жомарттығы қазына.
Небір ұсақ пендеге де ырзамын,
Өкпе мен мұң өткен күнге базына.
Тағдыр маған ұсынса егер тұз-дәмін,
Сөздер де бар суықтығы ақ қардай.
Мұз демімен мені үсітіп жатқандай,
Достар да бар тасадағы тас атар,
Көріскенде – тілектері мақпалдай.
Биік қойдым өлең деген өлшемді,
Өмірім тек адалдықпен өлшенді.
Сыймай жатсам, кінәлама, достарым
Пақыр ақын... атанайын ең соңғы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің даусым тастардан да шығады өлеңінің авторы кім?

Кадрия Темірболатова — осы өлеңнің авторы.

Менің даусым тастардан да шығады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің даусым тастардан да шығады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кадрия Темірболатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің даусым тастардан да шығады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері