Жүрегім жырлашы

Бұл бетте «Жүрегім жырлашы» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 855
Мың толғанып, жүз ойлап,
Қиялыма жыр келер.
Мың толғанып, жүз ойлап
Қиялымда жыр да өлер.
Күндерім, ох күндерім,
Түндерімді күндейді.
Күндіз жырлар жазбасам
Түндер көзін ілмейді.
Саусақтарды мүйіздеп,
Сөздер судай ағады.
Жоғалғанды ми іздеп
Шаршап, талып табады.
Түнім келсе жұлдызды,
Жырдың шамын жағамын.
Кадрия атты бір қызды
Жыр да іздеп табады.
Тәтті, балдай сөздерім,
Сол түндердің ішінде.
Қуанышым, сезгенім
Аялайды түсімде.
Ферузадай күрсіне,
Ай қарайды төбемде.
Жасайын мен құлшылық
Өнеріме-өлеңде.
Жырлай берші, жүрегім,
Сенен соны сұраймын.
Жырымменен күлемін
Жырымменен жылаймын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім жырлашы өлеңінің авторы кім?

Кадрия Темірболатова — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім жырлашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім жырлашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кадрия Темірболатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім жырлашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері