Жүрегім менің

Бұл бетте «Жүрегім менің» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1938
Асау аттай шапқылаған жүрегім,
Сабырға да бас ұрмайтын шағы бар.
Жүрегімнің түсіндей бұл реңім
Мұздаса ол, реңінің қары бар.
Асау аттай жүрегімді қозғама,
Жіберме оны теңізге де тауларға.
Кейде оттай жанып кете жаздаған
Тепіріштің тасы оған ауғанда.
Асау аттай жүрегімде дауыл бар,
Жалғандықтың бет пердесін ұнатпас.
Бұл жүрегім мұңнан ғана ауырлар
Жылар өзі, өзгелерді жылатпас.
Бұл жүрегім сезім сырды аялар,
Тамырымда бүлкілдейді бір ағын.
Жүрегім тек махаббатты саялар
Сүйсем егер жүрегіммен сүйемін.
Асау жүрек, адал жүрек жүрегім,
Жүрегімді мазалама пенделер.
Жүрегімнің дүрсілінен білемін
Жүрегімнің кілтін ашып кім келер?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім менің өлеңінің авторы кім?

Кадрия Темірболатова — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кадрия Темірболатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері