Кешіріңіз, кешіңіз

Бұл бетте «Кешіріңіз, кешіңіз» атты Кадрия Темірболатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2391
Періштедей ақ түндерім,
Жоқ қой сізге өкпеміз.
Мен кінәлі болсам егер
Кешіріңіз, кетпеңіз!
Жалындаған жастығымды,
О, түндерім! Сөндірмеңіз.
Тек жақсылық ала келгін
Жамандықты ендірмеңіз.
Үкілеген үмітімді,
Аялаңыз үзбеңіз.
Жұлдыздардың жарығын тек
Жүрегімнен іздеңіз.
Кірбің басқан өткендерім,
Қайрылмай кетіңіз.
Қараңғыда өпкен ернім
Қызарады бетіміз.
Ақ білегім-ақ жібектей,
Көзің бейне көк теңіз.
Тереңіне батып кетсем
Түнім, мені сөкпеңіз!
Сезім қандай мөлдір әсем,
Естен шықса есіміз.
Таңдай күйіп елжіресем
Түнім мені! Кешіріңіз! Кешіңіз!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешіріңіз, кешіңіз өлеңінің авторы кім?

Кадрия Темірболатова — осы өлеңнің авторы.

Кешіріңіз, кешіңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешіріңіз, кешіңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кадрия Темірболатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешіріңіз, кешіңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері