Сырдария – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Сырдария» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 7
  • 29116
Білем сені, сүйем сені
Сырдың суы қарт анам,
Сенсің мені әлдилеген,
Туған сенен мен балаң.
Сүйсе Гейне анам десе
Сүйген суы Рейнесін,
Сырдың суы туған ол да
Өз ақынын Гейнесін.
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді.
Ел анасы менің анам
Сырдың сұлу өзені.
Қуан, ана! Ақыныңның,
Келді жырлар кезегі.
Келдім бүгін көрдім сені,
Сүйсең міні маңдайым:
Құшағыңда отырмын мен
Көріп көзбен ел жайын.
Жасарыпсың қадірлі ана
Ақ түспепті шашыңа.
Емшегіңнен сүт кетпепті,
Жетсең дағы жасыңа.
Қарт Днепр, ескі достың
Көремісің айбатын.
Электрі мың моторлы,
Асқан алып қайратын.
Сен де маған, жаным ана,
Днепрдей жарық бер.
Қол жетпеген көк жұлдызын,
Құшағыма алып бер.
Сол кезде де, жаным ана,
Өзіңменен тең болам.
Сырда туған Сырдың ұлы,
Жаңа Гейне мен болам.

1936


Пікірлер (7)

Дәмір

Әбділдә Тәжібаевның Сырдария деген өлеңі ұнады

Ерасыл

Өлең өте жақсы қадірлі өлең екен аналарымызды аялайық біз үшін азаннан кешке дейін жұмыс істеп бізді асырайды

Инкар

Сырдария өлеңін мектепте оқып жүргенде жаттағаннан бері айтып жүремін. Туған жердің табиғатын тану және мақтан ету қандай керемет десеңізші.

Өте керемет ән екен маған өте ұнады

Өте күшті

♀️

ак туспепты шашына дегеннен кейынгы жер отты

а

а

Терең мағыналы

Терең мағыналы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырдария өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Сырдария өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырдария өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырдария өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері