Өлең, жыр, ақындар

Аурусыз жанға айла жоқ...

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 3
  • 16848
Аурусыз жанға айла жоқ,
Аурулы жанға дәрi бар.
Аурусыз адам қайда жоқ,
Аурудың онда бәрi бар.

Аурусыз жандар – мисыздар,
Мисызда ауру бола ма?
Тәнi сау, миы науқастар,
Ондайға дәрi қона ма?

Милыда ойсыз күн болмас,
Ауырмай миы тұра ма?
Миынан басқа ем қонбас,
«Емдейiн бе?» деп сұрама!



Пікірлер (3)

саяжан

өте жақсы

канира

Аурусыз жанға айла жоқ өлеңінің мағнасын түсіндіріп жібере аласындарма өтініш өз ойым жеткіліксіз болып түр еді.

Табыс шəкəрім

Маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жуандар

  • 2
  • 1

Жуандар, елді билеп не қылмақсың,
Өздеріңе айтқызсаң – әділ-ақсың.
Мен қарасам, сендердің бетің теріс,
Әбден асып, ақ жолдан адаспақсың.

Толық

Пан-Жи-Зан Хан

  • 1
  • 1

Ең бұрын қала болған қытай жұрты,
Хақанын Аспанұлы дейді ғұрпы.
Ертерек қолөнерге шебер болған,
Қолайсыз көрінсе де бізге сырты.

Толық

Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді

  • 1
  • 2

Таза арақты әкел, шырақ,
Болайын қайғыдан жырақ.
Бойым – еркiн, ойым – ұжмақ,
Тiлiм – бұлбұл, сөзiм – бұлақ!

Толық