Жасырамын сөзімді – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жасырамын сөзімді» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Болсам ба екен жаныңның құрбандығы,
Көркін ашып бағыңның тұрған гүлі.
Саған айтқан сөздерім жазған жырым,
Айтылмаған сөзімнің мыңнан бірі.

Ұмытам деп өзімді әуре етіппін,
Көргеніме аман-сау, тәубе етіппін.
Мына өмірге мені іздеп келгеніңмен,
Адастың-ау, қайтейін, сәл кешіктің...

Жаным қылдай болады «кетем» десең,
Кетерің бар кездестің бекерге сен.
Сенеді екем сен түнді «күндіз»десең,
Нанады екем өмірді «шекер» десең!

Осы екен ғой бір болар той дегенің!
(Өңім бірдей түсіммен кейде менің).
Не айтқаның маңызды емес, бірақ,
Маған қарап керегі сөйлегенің.

Қажеті жоқ, ешкімді шақырмағын,
Тыңдамаймын, біреудің ақылдарын...
Мына әлемнің елеусіз нүктесінде,
Керегі тек жанымда отырғаның.

Жаралғансың сезіммен тербетуге,
Қозғамашы!
Құлқым жоқ ержетуге...
Жасырамын сөзімді естір болсаң,
Бір өзгеріс болардай жер бетінде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасырамын сөзімді өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жасырамын сөзімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасырамын сөзімді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасырамын сөзімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері