Айналайын аналар – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Айналайын аналар» атты Баянғали Әлімжанов жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1404
Ана дейміз қуанып, өрлегенде,
Пана іздейміз қиналып, шөлдегенде,
Кетер ме едік біз мүлде адамдықтан
Мейірімін ананың көрмегенде?
Ай­әлемнің жыр­әні –
Аналардың пейілі.
Көңілінің шуағы,
Көзіндегі мейірі.
Қаталдықтан дүние мұздағанда,
Ызаланып, жарыла жаздағанда,
Көз жасынан тоқталып аналардың
Ақ сүтімен жылынып, тазарғандай.
Ақ тілеуі ананың болмағанда,
Жұлдыздарға адамзат самғаған ба?
Айналайын, аналар, аман жүрші,
Бесік тербеп, әлдилеп, бар ғаламда.
Ай­әлемнің жыр­әні
Аналардың пейілі,
Көңілінің шуағы,
Көзіндегі мейірі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналайын аналар өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Айналайын аналар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналайын аналар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Айналайын аналар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері