Сұлулық ортақ әлемде – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сұлулық ортақ әлемде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5198
Көркіңе шексіз құмартып,
Қадалар көздер мұнартып.
Бір адам ғана бір саған
Иелік ету тым артық.
Қосылған таңдап күйеуің –
Өмірлік сенің сүйеуің.
Ренжи көрмес ол оған,
Десе егер біреу: «сүйемін».
Сұлулық ортақ бар елде,
Сұлулық ортақ әлемде.
Ешқандай күнә емес-ті,
Сұлуды сүю, әменде.
Сұлуды сендей жаратқан,
Көркіне көпті қаратқан,
Алланы жазғыра алмаспыз,
Сөнбейтін сәуле таратқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлулық ортақ әлемде өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сұлулық ортақ әлемде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлулық ортақ әлемде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлулық ортақ әлемде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері