Телефон

Бұл бетте «Телефон» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1763
Әлі отырмын телефонды күзетіп,
Естілмейді ешбір дыбыс ыз етіп.
Қанша уақыт күткеніме үмітті,
Кеткендей бір көктем мен жаз, күз өтіп.
Уәдесі бар еді ғой, апырау,
Арға деген болмас па еді бақылау?
Кетсем бе екен дүниені тәрік қып?
Тағы біраз тосқаным да мақұл-ау.
Бара жатыр тәнім түгел өртеніп,
Жан аярлық тұрпатымды көр келіп.
Қатыгез деп айтуға аузым бармайды,
Жарасады қызға ептеген еркелік.
Көз алдымда қылаң беріп ай мүсін,
Жүрегіме жамап кетті-ау қайғысын.
Мәжүнін де мендей күйген жоқ шығар,
Айлап-жылдап аңсап күткен Ләйлісін.
Жаутаңдаймын жанарыма жас толып,
Телефоным тілсіз қалды тас болып.
Ішіп алып ақыл-естен танғанша,
Жатсам ба екен, әлде, сұлап мас болып?
Жоқ, жоқ, онда мұқатамын кімді мен?
Қайда қоям бүгінгі бал түнді мен?
Еркелігін көтермейтін еркемнің,
Миғұла ма ем,
Есірік пе ем, жынды ма ем?
Келеді айым,
Керек шыдам, сәт төзім,
Аялаймын, аймалаймын ақ төсін.
Содан кейін...
Содан кейін мас болып,
Дүниенің айналдырам шәпкесін!
Әлі отырмын,
Әлі отырмын сарылып,
Кең дүние бара жатыр тарылып.
Тілсіз тұрған телефоным шыр етсе,
Кетер ме екен от жүрегім жарылып?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Телефон өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Телефон өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Телефон өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Телефон өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері