Ардағым да сен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ардағым да сен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2871
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Айналайын, жаным, қайда жүрсің?
Жүрсең де сен қайда, ойда жүрсің.
Сағындым ғой көптен көрмегелі,
Құралайдай көрікті ардағымсың.
Жүрсең де сен қайда, барсам деймін,
Тілегімді қабыл алсаң деймін.
Бұдан артық төзім жетер емес,
Құшып тұрып өзіңді,
Әніме салсам деймін.

Қайырмасы:
Ардағым да сенсің,
Арманым да сен,
Бір өзіңді таңдадым.
Саңлағым да сен,
Таңдарым да сенсің,
Жан-жарым да сен,

Бұл әнімді арнадым мен,
Бір өзіңді таңдадым мен.
Тек өзіңмен самғадым мен,
Өмірімді жалғадың сен.
Көктемдегі күндей елжіредің,
Бөктердегі гүлдей желбіредің.
Саған қарап жаным нұрға толды,
Жанардағы бір тамшы
Моншақтай мөлдіредің.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ардағым да сен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ардағым да сен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ардағым да сен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ардағым да сен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері