Қаратау астындағы өзен – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қаратау астындағы өзен» атты Ғафу Қайырбеков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2143
Таулары көп бұл қазақтың
Даласына орнатқан.
Қаратауға күн де жақын,
Жер де тегіс ол жатқан.
Бұл баяғы нақ «басынан
Көш келетін» Қаратау.
Қара көзді қалқасынан
«Жас келетін» Қаратау.
Мырғалымсай шахтасына
Түсіп кетсең - жер терең.
Аяғыңның дәл астында
Жатыр ағып ерке өзен.
Жұтсақ суын жанға рақат,
Тамсанасың «шіркін!» - деп,
Жатыр ағып жайбарақат
Жер қойнында бүлкілдеп.
Бүлк-бүлк етіп емшек емген
Сәбиіндей ананың.
Мінезі жоқ өршеленген,
Тәтті қылық, бала ағын.
«Ақтабан» боп ауған шақта,
Көшіп бастан алтын күн,
Қарт Қаратау қалған сақтап
Көз жасы ма халқымның?
Сөз таба алмай, мен үндемей,
Сол өзенге табындым.
Жүрегімнің діріліндей,
Ағынындай қанымның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаратау астындағы өзен өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қаратау астындағы өзен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаратау астындағы өзен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қаратау астындағы өзен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері