Эльбрус – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Эльбрус» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 766
Қалт етпестен қалшиып,
От шашса да найзағай,
Эльбрус тұр шаншылып, –
Тау көтерген найзадай!
Бұлтты тескен ашынса
Шыңы Эльбрус аулақта,
Шаншылар-ақ шаншылса,
Атқан сондай садақ та!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері