Ұшып келем – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ұшып келем» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 957
Мезгілі еді нақ түстің
Күн күледі үстімде,
Ұшып келем «Аққұстың»
Қанатының үстінде!
Көкте түбіт түткендей
Аппақ бұлттар ауылы
Аунақшиды, өткендей
Үстінен көк дауылы.
Ақ бұлттардың ауылын
Көктей өтіп мен келем,
Басқандай көк дауылын
Көкейіме келді өлең.
Жатты Эльбрус биігі
Аяғымның астында,
Менен төмен иығы,
Ұштым одан астым да.
Қалды алдында көзімнің
Таудың талай бөктері,
Сонда өзімді сезіндім
Космонавттай көктегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері