Өлең, жыр, ақындар

Төрт қыран

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 584
Бұлан-талан бұлт тулап
Тұрса көктен бір дауыл,
Су қыраны қиқулап
Қақса аспанда бір дабыл, —
Ұрып кейде нажағай
Кетер құсты жазалай!
Буырқанып бұлт құрсап,
Нажағайлар көк тесе,
Атып оғын ақ бұршақ,
Көк дауылы түтесе,
Шақ шыдайтын шыңдағы
Қыранның да қыраны!
Сондай дауыл мұхиттың
Суын көкке лақтырған,
Сұрапылға батып мың
Түсті біздің төрт қыран,
Түссе-дағы төрт қыран
Жеңілмеді мықты ұлан!
Тынық мұхит дауылы
Төрт ұланның кемесін
Бұзып, толқын арыны
Ашқызбады өресін,
Сонда-дағы төрт қыран
Жеңілмеді мықты ұлан!
Таудай-таудай толқындар
Доптай қақты кемені,
Төрт ұланды кім тыңдар,
Тек жүрегі жебеді,
Сонда-дағы төрт қыран
Бас имеді мықты ұлан!
Кемені ұрса толқын кеп
Құлағандай жарты аспан,
Дүлей мұхит жойқын көк
Сұрапылмен айқасқан
Біздің күшті төрт қыран
Қайыспады мықты ұлан!
Білмей олар, болды азып,—
Жүргендерін қай тұста,
Рация не азық
Жоқ оларда компас та,
Сонда-дағы төрт ұлан
Мұңаймады мықты ұлан!
Төнді мұхит әлегі
Төтеп түні, күндізі
Болды олардың мәйегі
Көк жұлдызы, күн көзі.
Сонда-дағы төрт қыран
Ұмтылды алға мықты ұлан!
Ес танса да шыр бұзбай,
Батыр ұстап өздерін,
Төртеуінің жұлдыздай
Көрсең сегіз көздерін
Төзді біздің мықты ұлан!
Өр мұхитпен алысты
Жерді көрмей жеті апта,
Жібермеді намысты
Бойда қуат тұтап та!
Жүрегін ту қып төрт қыран,
Көтерді күшті мықты ұлан!
Төрт ұланның түлеткен
Анасы Совет Отаны,
Ерлікке шын үйреткен
Елімнің зор атағы.
Тегеурінді төрт қыран
Мұхитты жеңді мықты ұлан!
Басып мұхит желігін
Отанның төрт жеңді ері,
Америка елінің
Солдаттары қол берді,
Ол берілген достық қол
Достыққа біз тостық қол!
Жеңімпаз біздің төрт қыран,—
Қуаты бойда от қыран!

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түске дейінгі серуен

  • 0
  • 0

Дабыл қаққан алғашқы,
Алғыр ұлан вожатый
Керней тілін дәл басты,
Ержан еді өз аты.

Толық

Өсейік гүлдей қосылып

  • 0
  • 0

Хош келіпсіз, меймандар,
Аңсап алыс Дунайдан,
Астығым бар, алмам бар
Көр дәулетті молайған.

Толық

Қодар күліп тұр

  • 0
  • 0

Таң азаннан талпынып,
Еркелеп, ойнап дыңылдап.
Көк майсада бір адам
Пішен шауып зырылдап.

Толық

Қарап көріңіз